«Анаға апарар жол» фильмі Грекияда көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 мамырда Грекияның Ахарнон қаласында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастарының 25-жылдығына орай «Анаға апарар жол» фильмі көрсетіледі.

Мәдени іс-шараны еліміздің Грекия Республикасындағы Елшілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастырып отыр.  


Режиссер Ақан Сатаев түсірген фильм өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері  сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдырын баяндайды. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңді - ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдарды қамтиды. 

Естеріңізге сала кетсек, аталған тарихи туынды 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және «Еуразиялық көпір» атты фестивальге қатысып, Бас жүлдені, сонымен қатар актриса Алтынай Нөгербек «Үздік әйел адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті.

Одан бөлек, бұл туынды биыл Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған «Сыншылар таңдауы» жүлдесінде үш бірдей жүлдені иемденді. Атап айтсақ, «Ең үздік актриса» - Алтынай Нөгербек; «Екінші пландағы үздік актриса» Аружан Жазылбекова; «Фильмге жазылған үздік музыка» номинациясын аталмыш фильмнің композиторлары Әлім Заиров пен Роман Вишневский иемденді. Одан бөлек, кинотуынды жақында ғана Бішкекте өткен «Ақ ілбіріс» атты VI  ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды.

«Анаға апарар жол» фильмі 24 мамырда сағат 19:00-де Ахарнон әкімдігі залында көрсетіледі. Кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар