Ан-148 ұшағының қалдықтары Мәскеу маңынан табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Төтенше жағдайлар министрлігі апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғанын растады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Степановское ауылының аумағында Ан-148 ұшағының қирандылары мен қаза болған бірнеше адамның денесі табылды», - деп мәлім етті ТАСС-қа Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Бұған дейін шұғыл қызметтер әуе кемесінің апаты салдарынан аман қалғандар жоқтығын хабарлаған болатын. 

Еске салайық, бүгін Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті.

«Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болғаны хабарлануда. 

Соңғы жаңалықтар