Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Ан-148 ұшағы апатының ықтимал себептері айтылды

2018 жылғы 14 ақпан 00:20 611
Поделиться:
 Ан-148 ұшағы апатының ықтимал себептері айтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу маңында Ан-148 ұшағының апатқа ұшырауына жылыту жүйелері өшірілгенде датчиктердің мұз болып қатуына байланысты ұшу жылдамдығы туралы дұрыс ақпараттың берілмеуі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК) борттық параметрлік жазу құрылғысындағы деректерді ашқан соң мәлімдеді, деп жазды ТАСС агенттігі. 

«Жазу құралындағы өзге ұшуларда (15 ұшу)  толық қысымды қабылдағыш ұшу алдында қосылып келген», - делінген МАК хабарламасында.

Көкке көтерілген Ан-148 алты минуттан соң апатқа ұшыраған. МАК 130-150 метр биіктікте автопилоттың қосулы болғанын атап өтті. Шамамен 2 минут 30 секундтан соң, 1300 метр биіктікте және 465-470 км/сағат жылдамдықта бортта ерекше жағдай орын алған. Ан-148 өздігінен жазу құралдары жылдамдық датчиктерінің көрсеткіштері арасындағы алшақтықтарды тіркеген. Тағы 30 секундтан кейін арадағы айырмашылық 30 км/сағатқа жеткен және экипажға «Приборная - сравни» командасы берілген. Команда 2000 метр биіктікте тағы қайталанған, бұл жолы датчиктердің көрсеткіштері арасындағы айырмашылық ұлғая түскен.

Екінші «Приборная - сравни» командасынан кейін экипаж автопилотты өшірген. Әрі қарай ұшу қолмен басқару режимінде жүргізілген. Жылдамдық көрсеткіштері күрт алшақтап кеткен: бір тетік 0 км/сағатты, екіншісі - 540-560 км/сағатты көрсеткен. Содан кейін жылдамдық көрсеткіштері төмендеген (200 км/сағатқа дейін және төмен), ұшақ 30-35 градус  бұрыштық қозғалыспен қарқынды төмендеуге ауыстырылды. Жермен соқтығысар кезде модульдердің біріндегі жылдамдық көрсеткіштері нөлді, екіншісі 800 км/сағатты көрсеткен.

«Соқтығысудан 4-5 секунд бұрын ұшақ оң жаққа 25 градусқа ауған», - деп хабарлады МАК.

Алынған мәліметтерге сараптама жұмыстары әлі де жалғасады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны мәлім етілді.  «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты.  

 


Басты сөздер: Оқиға, Әлем, Ресей,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Айжан Серікжанқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат