Амир Хан екі жылдық үзілістен кейін қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  63,5 кг салмақ санатындағы Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF)  нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы британдық Амир Хан  екі жылға созылған үзілістен соң рингте жасындай жарқылдады.

 Ол Ливерпулде 69,9 кг салмақ дәрежесіндегі 12 раундтық жекпе-жекте канадалық Фила Ло Греконы бірінші раундта естен тандыра құлатты.

Британдық алғашқы соққыларының бірімен қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал арада сәл ғана уақыттан соң үсті-үстіне соққылап канадалықты сұлатып салды. Төрешіге есепті ашпай жатып жекпе-жекті тоқтатуға тура келді, деп хабарлайды ТАСС.

Еске сала кетсек, Хан соңғы рет рингке 2016 жылғы мамырда шыққан еді. Қарсыласы мексикалық Сауль Альварес оны алтыншы раундта нокаутқа түсірген. Енді  есебінде  32 жеңіс (20 нокаут) 4 жеңіліс бар. Британдық  2009-11 жылдар аралығында WBA әлем чемпионы титулын иеленген, оны бес рет қорғап қала алды. Сондай-ақ 2011 жылы WBA белдігін еншіледі.

Ал 33 жастағы Ло Греко төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты. Ол 28 рет қарсыласынан басым түскен (15 нокаут).

Соңғы жаңалықтар