Amiantit Group ҚР-дағы қолайлы инвестициялық жағдай үшін Назарбаевқа ризашылық білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Amiantit Group компаниясының вице-президенті ханзада Турки бен Мұхаммад бин Фахдпен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Әңгіме барысында қазіргі өзара іс-қимылдың бірқатар мәселелері қарастырылып, алдағы уақыттағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланды.

Су инжинирингіне және мұнай-газ саласына арналған құбыр шығаруға маманданған Amiantit Group компаниясының басшылығы елімізде қолайлы инвестициялық жағдай жасалып отырғаны үшін ризашылық танытты.

Тараптар әріптестік қарым-қатынастың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар