Американың сиқыршылары Трампқа қарсы күштерін біріктірмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сиқыршылықпен айналысатын әйелдер АҚШ президенті Дональд Трампқа «қарсы тұру» үшін өз «күштерін біріктіретінін» жариялады.

Facebook желісі арқылы олар 24 ақпанның түнінен бастап «Трампты және оған қолғабыс ететіндердің барлығын тұсалап тастау» үшін тұрақты түрде магиялық жосын-жоралғыларды жасап тұруға үндеді. Жоралғыларды Ай батып бара жатқан кезде жасау керек екен және олардың алғашқысы Вашингтон мен Нью-Йорк уақытымен түн ортасына (астана уақытымен 25 ақпан сағат 11.00) белгіленген.

Дуагер әйелдер қатысушылардың әрқайсысына «өздері жақсы көретін жоралғыны немесе магиялық жүйені» қолдануға кеңес береді. Кейбір қоғамдастықтарда мұның барлығы топпен жасалмақ, ал жеке сиқыршылар Facebook, Twitter және басқа да әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығып тұруға уағдаласып отыр. 

Соңғы жаңалықтар