Американың құрамасы Универсиададағы әсерлерімен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада өнер көрсеткен АҚ студенттер құрамасы Алматымен қоштасу видеосын шығарды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан өте керемет ел! Адамдары да тамаша. Олар бізді таудан төмен түскен кезде қызу қолдады. Әр ел үшін, барлығы үшін жанкүйер бола білді. Бұл шынымен өте әсерлі болды!  Барлық жанкүйерлерге, Қазақстанға ұйымдастыру үшін көп рахмет!», - деді спортшылардың бірі.

«Қонақжай ел құшақ жая қарсы алды. Бұл шараны қызықты ете түсті. Жүлделі орын алмасаң да сені үнемі қолдап жүреді. Бұл көңілді қуаныш сыйлады», - деді АҚШ құрамасының тағы бір спортшысы.

Америкалық спортшылар қазақ мәдениетімен танысу өте қызықты болғанын айтады.

Атап өтсек, Универсиадаға америкалық құрама құрамынан 73 атлет қатысты. Нәтиже бойынша жалпы медальдық есепте АҚШ 23-ші орында. Спортшылар бір  күміс, бір қола ұтты.

Еске салсақ, Дүниежүзілік студенттер ойындары Алматыда  29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. «ҚазАқпарат» агенттігі оқырмандарға жарыстың ең есте қаларлық сәттерін еске түсіруді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар