Америкалық түрмеде 43 жыл жалғыз қамақта отырып бостандыққа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Альберт Вудфокс 43 жыл жалғыз қамауда отырды, жақында ол бостандыққа шықты. Бұл туралы оның қорғаушысы хабарлады.

Осындай сот үкімі былтыр жазда жарияланған болатын. Сотталушылар - Альберт Вудфокс, Роберт Кинг пен Герман Уоллес «Анголалық үштік» деген лақап атпен белгілі, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.

Үшеуін де сот «қарулы қарақшылық жасағаны» үшін айыпты деп таныған. Олар Луизиана штатындағы қатаң режімдегі түрмеге қамалған болатын.

Вудфокс 1972 жылы түрмеде бүлік шығып, күзетші өліміне айыпталған соң жалғыз қамаққа алынды. Кинг 2001 жылы, Уоллес 2013 жылы бостандыққа шығарылды. Олардың «үшеуі де жазықсыз қамалды» деп қоғамдық белсенділер түрмеден босатуға әрекет еткен еді.

Вудфокстың қорғаушыларының айтуынша, ол АҚШ-та ең ұзақ мерзімде көлемі үш те екі метр камерда жалғыз отырып шыққан бірден бір адам.

Соңғы жаңалықтар