Америкалық тарап ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов пен Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастығының президенті Уильям Кортнидің кездесті.

Ахметжан Есімов көрмені дайындау барысында атқарылған жұмыстар бағытын таныстырды. Сондай-ақ, алдағы аптадан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды өткізу, әрі делегация мүшелеріне арналған апартаменттерді табыстау басталатындығын хабарлады. Одан әрі қарай павильондарды толтыру бойынша контенттік жұмыстар  басталады.

«Сәуір айында Елбасы делегациясының құрамында Вашингтонда болдым, онда АҚШ бизнес қоғамдастығымен кездесу болды, олар біздің көрмеге қатысуға қызығушылық танытты. ЭКСПО-2017 әріптестері мен демеушілері арасында «Cisco», «General Electrics», «Chevron» сияқты ірі компаниялар болды. Сонымен қатар, Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастықты да ЭКПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамын», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

«Біз өздеріңізбен ынтымақтастық орнатқандығымызға ризамыз. АҚШ павильонын қауымдастыққа мүше жеке компаниялар толтырады. Бұл АҚШ бизнесмендері үшін өте қызықты әрі бірегей мүмкіндік болады деп есептейміз», - деп мәлімдеді Уильям Кортни.

Кездесуде ЭКСПО-2017 көрмесінің дамуына өз үлесін қосуға ниетті америкалық ірі энергетикалық корпорация АES (American clean power company) таныстырылды.

Айта кету керек, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрме барысында 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

 

Соңғы жаңалықтар