Америкалық сноубордшы Шон Уайт үш дүркін олимпиада чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ құрамасының өкілі, сноуборд шебері Шон Уайт Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында сноубордтың хафпайп түрі бойынша алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды ТАСС.

31 жастағы спортшының үздік өнеріне 97,75 ұпай берілді.

Спорттың осы түрінен екінші орынды 95,25 ұпаймен жапониялық Аюму Хирано иеленді, ал қола медаль Аустралиядан барған Скотти Джеймске (92 ұпай) бұйырды.

Соңғы жаңалықтар