Америкалық мұғалім Павлодардағы шалғай ауылда қамажай билеуді үйренді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Висконсин штатынан Павлодар облысы Ақсу қаласы Сарышығанақ ауылына келген мұғалім ағылшын тілінен сабақ беріп жүріп, қазақтың биін билеуді үйренді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Павлодар облысы Ақсу қаласы Сарышығанақ ауылына АҚШ-тың Висконсин штаты Элрой қаласынан ерікті болып келген ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Бэт Колодзински жергілікті балаларға бір жарым апта сабақ берді.

null

Ағылшын тілін үйреніп жүрген мектеп оқушылары мен мұғалімдерге оның сабағы керемет сыйлық болды, деді «Жауқазын» қоғамдық қорының директоры, ағылшын пәнінің мұғалімі, Сарышығанақ орта мектебінің директоры Қалимаш Баймұханова.

Ол өзінің қоры негізінде тілдерді дамыту орталығын құрған (қазақ, ағылшын және басқа). Қазіргі бұл орталықтың түлектері Астана және басқа да қалаларда тілдер бойынша, филологиялық мамандықтар бойынша табысты жұмыс жасауда.

Колодзински - ағылшын тілінде еркін сөйлейтін маман. Сарышығанақтықтар оның көмегімен ағылшын тіліндегі сөздерді дұрыс айтып, жылдам сөйлейтін америкалықтың әр сөзін түсінуге тырысып бақты.

null

Сонымен қатар, Бэт балаларға өзінің туып өскен Висконсин штаты туралы, АҚШ-тың географиясы туралы айтып берді. Барлық сабақтар мектептегі сабақтардан кейін жүргізілген.

Бэт Колодзинскиге қазақтың дәстүрлі биі - қамажайды билеуге үйретті. Ол әйелдерге ұлттық тағамдарды - бешбармақ, самса, бауырсақ әзірлеуге көмектесті.

null

Баймұханованың айтуынша, 52 жастағы АҚШ-тан келген педагог жастармен бірге баскетбол және волейбол айнады.

Соңғы жаңалықтар