Америкалық ковбойдың Астанадағы көкпарға дайындалған видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында америкалық ковбойдың Астанадағы көкпар ойынына дайындалған видеосы жариялады.

«Америкалық ковбойларға көкпар ойыны ұнады. Олардың ойыннан әсер алғаны соншалық, Қазақстанға келіп, қазақ жігіттерімен тәжірибе алмаспақшы болып шешті. Олар Астанада өтетін ойынға осылай жаттығуда», - деп жазды АҚШ Елшілігі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, АҚШ тарихында алғаш рет көкпар командасы Астанаға келеді. Елішіліктің баспасөз қызметкері Рэн Эльхай жарысты тамызда өткізу жоспарланғанын айтты. «Команда өткен жылы Қырғызстанда өткен халықаралық көшпенділер ойыны алдында құрылған. Олар онда алғаш рет көкпарға қатысып, Қазақстан командасымен жарысқа түскен.

Оларға ойын қатты ұнады, сондықтан одан әрі жалғастыруды шешті. Ковбойлар көптен бері ат спортымен айналысады. EXPO аясында көкпар бойынша турнир өтеді», - деп хабарлады Рэн Эльхай. Ұйымдастырушылар музыканттармен ковбойлық атмосфера қалыптастыруға уәде беруде.

Соңғы жаңалықтар