Америкалық клуб қазақстандық хоккейшіні таңдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасының шабуылшысы Владислав Сайконы АҚШ хоккей лигасының драфтында ( Драфт - кәсіби командалар бұрын лигадағы командада ойнамаған спортшыны таңдау рәсімі) «Де-Мойн Баккэнирс» клубы таңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Биылғы маусымда 17 жастағы спортшы «Астана» және «Құлагер» командаларының құрамында Қазақстан чемпионатында 36 кездесу өткізіп 4 шайба соғып, 5 рет нәтижелі пас шығарған.

Ригада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 5 кездесуге қатысып, екі шайба соғып, бір рет нәтижелі пас шығарған.

Бұған дейін Сәтбаев қаласының «Қазақмыс» командасының тәрбиеленушісі Финляндияда ойнаған.

Естеріңізге сала кетейік АҚШ хоккей лигасында Астана қаласының тәрбиеленушісі Кирилл Панюков өнер көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар