Америкалық кенгуруге қарғыбау тағып, серуенге шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Детройтте (америкалық  Мичиган штаты) қара нәсілді ер адам көшеде кенгуруды қарғыбаумен алып шықты.

Бұл туралы видеоны  29 наурызда Snapchat жариялады,  роликті 9news.com.au жүктеген.

 Detroit News ақпаратына сәйкес, кенгурумен серуенге экзотикалық жануарлар зообағының иесі Джавон Стакс (Javon Stacks) шықты. Ол кенгуруды бір баланың туған күніне апаруы керек болған.   Америкалықтың айтуынша, ол түрлі мекемелер мен шараларға құстар, бауырымен жорғалаушылар, жануарларды апарып отырады екен.  

Жергілікті Detroit Animal Control  жануарлардың құқықтарын қорғау ұйымы кенгуруге қожалық етуді заңсыз деп танып, тергеу жұмыстарын бастады.   

Соңғы жаңалықтар