Америкалық қазақ полицей алғаш рет Астанадағы кәсіби бокс кешінде жұдырықтасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк полициясында жұмыс істеп жүрген қазақтандық Димаш Ниязов кәсіби бокспен де айналысады. Астанада өтетін Қанат Исламның жекпе-жегі аясында Димаш алғаш рет өз елінде өнер көрсетпекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Мен елімді, жерімді қатты сағындым. Құдай қаласа, тағы барамын. Жақында Астанаға барып келдім. Шыны керек, елордамыз қатты өзгерді. Қала құлпырып кетті. Алдағы уақытта Астанаға тағы барамын. Себебі ЭКСПО аясында қыркүйекте менің жекпе-жегім болады. Қанат Исламмен бірге өнер көрсетемін. Ол жекпе-жек Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылады», - дейді Димаш Ниязов.

Оның айтуынша, бокспен бала кезінен айналысып келеді. Ал Нұрғали Сафиулин оның алғашқы бапкері болған.

Айта кетейік, жақында Димаш Ниязов есірткі баронын ұстағаны үшін Нью-Йорк полициясының арнайы наградасына ие болды. Ал Детройтта өткен соңғы жекпе-жекте қазақстандық боксшы өз қарсыласын нокаутпен жеңді. 

Соңғы жаңалықтар