Америкалық есірткіні шекарадан өткізу үшін дронды пайдаланған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ азаматына есірткіні Мексикадан АҚШ шекарасы арқылы контрабандалық жолмен тасымалдау үшін дрон қолданды деген айып тағылды, деп жазады korrespondent.net.

The Telegraph агенттігінің хабарлауынша, 25 жасар америкалыққа есірткіні тиісті адамға жеткізуі үшін Сан-Диего қаласының жанармай құю бекеттерінің бірінде ақша төлеген.

Осылайша ол есірткіні 2017 жылдың наурыз айынан бастап, 5-6 рет шекара асырған. Шекарашылар ұшқышсыз ұшатын аппаратты көрген соң, оның соңына түскен. Сөйтіп, дронға амфитамин салынғандығын анықтаған.

Күдікті шекарадан осындай тәсілмен барлығы 5,8 келі есірткі өткізген.

Соңғы жаңалықтар