Америкада автомобиль шеруге шыққандар тобына келіп соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Шарлотсвилл қаласының (Вирджиния штаты) орталығында үш автомобиль соқтығысты, апаттан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

AP агенттігінің хабарлауынша, ереуілге шыққан топқа көліктің бірі барып соғылған. «Шарлотсвилл қалалық полициясы мен Вирджиния штатының полициясы қала орталығындағы Уотер-стрит пен 4-көше қиылысындағы үш көлік соқтығысқан жерді қоршауға алған. Әзірге бірнеше зардап шегуші бар екендігі мәлім етілді. Оқиға орнына жедел жәрдемнің еркін өтуі үшін наразылық акциясына қатысқан адамдар тарқауы керек», - делінген полицияның Туиттердегі парақшасындағы жазбада.

Шарлотсвилде сенбі таңертең ұлтшылдар мен оларға наразы азаматтар арасында кикілжіңдер басталды. Ультраоңшылдар жергілікті биліктің орталықтағы Эмансипация саябағында тұрған Америка штаттары конфедеративтік армиясының бас қолбасшысы Роберт Эдвард Лидің (1807-1870) ескерткішін алып тастау жөніндегі шешіміне қарсы шеруге шықпақ болған. Наразылық акциясы сағат 12:00-ге жоспарланғанымен, жағдай бақылаудан шығып кеткендіктен шеру өткізуге тыйым салынған. 

Соңғы жаңалықтар