American Airlines ұшқышы әуежайға қонар кезде қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - American Airlines әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағының екінші ұшқышы Альбукерке әуежайына қонар сәтте көз жұмды. Бұл туралы Vesti.az хабарлады.

Ұшақ сәтті қонған. Ұшу-қону жолағында экипажды дәрігерлер күтіп тұрды. Ақ халаттылар жүрек-өкпе реанимациясын жасағанымен, ұшқыштың өміріне араша түсе алмады.

Елдің азаматтық авиацияның федералды басқармасы ұшақтың Далластан Альбукеркеге бағыт алғандығын айтады. Қонуға бірер шақырым қалғанда әуе кемесінің капитаны «медициналық мәселеге» байланысты ұшақта төтенше жағдай жариялаған.

Соңғы жаңалықтар