Амандық Баталов халық алдында есеп беруде

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп беруде. Өңір басшысының сөзінше, былтыр облыста кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 4 өндіріс іске қосылған. Нәтижесінде жаңадан 670 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы аграрлық аймақтан өндірістік өңірге айналып келеді. Оған дәлел өнеркәсіп нысандарының көптеп ашылуы. Өткен жылы облыста «Алматы шыны» зауыты және Қарасай ауданындағы металл құрастырылымдарын шығаратын «Қарасай машина жасау зауыты», Еңбекшіқазақ ауданындағы «Нұрлы-Құс» құс фабрикасы, Қаратал ауданындағы «Агро-Инвест-Қаратал» ет комбинаты іске қосылды. Барлығы 21,5 млрд. теңге игерілген.

Сондай-ақ Алматы облысында жалпы көлемі 4192,6 гектар болатын 5 индустриялық аймақты дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде 3777 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 189,7 млрд.теңге болатын 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мұнан бөлек 4922 жұмыс орны құрылатын 34 жоба ұсынылып, оларға жалпы 365,7 млрд. теңге инвестиция тартылатын болады.

Әкім есебіне ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов Астанадан арнайы келіп, қатысты.


null null  

Соңғы жаңалықтар