Алжирдегі ОПЕК келіссөздерінен кейін мұнай бағасы күрт көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнай бағасы бірнеше сағаттың ішінде шамамен бес пайызға өсті. Мұндай мұнайдың бір баррелі үшін 49 доллар ұсынып отыр.

Ал осындай көлемдегі WTI мұнайы шамамен 47 доллардан сатылуда.

Бұл Халықаралық энергетикалық форум аясында Алжирде өткен ОПЕК министрлері келіссөздерінің нәтижесі, деп хабарлады "Россия 24" телеарнасынан. Картель өкілдері бес сағатқа жуық созылған жабық кездесулер аясында  мұнай өндіру көлеміне тәулігіне 32,5 миллион баррельге дейін шектеу қоюға келісті.  

Соңғы жаңалықтар