Алжир ОПЕК елдерін мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі келісімді ұзартуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирдің Энергетика министрі Нуреддин Буттарфа ОПЕК ұйымы мен оған мүше емес елдер арасында жасалған мұнай өндіру көлемін қысқарту жөніндегі келісімнің мерзімі біткен соң оны тағы 3-4 айға созуға шақырды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ТАСС.

«Алжир өкілдері келісімнің тағы 3 немесе 4 айға созылуы мұнай нарығын тұрақтандыруға игі ықпал етеді деген пікірде»,-деп жазды ол парақшада.

Министрдің өзі осы кезде РФ Энергетика министрі Александр Новак пен оның мұнайды мониторингілеу жөніндегі комитетке кіретін өзге мемлекеттердегі (Кувейт, Венесуэла, Оман) әріптестерімен бірге қатысып жатты.

Мәжіліс 26 мамыр күні өтеді. Онда министрлер мұнай өндірудің қарқынына қатысты мәселелерді талқылайды. ОПЕК пен оған резидент емес елдер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге жеткізуді көздеп отыр. Келісімнің мерзімі маусымда аяқталады, оны ұзарту туралы мәселе ОПЕК-тің кезекті мәжілісінде, 25 мамыр күні Венада талқыланады.

Соңғы жаңалықтар