Алыпсатарлар xалықты қалай алдайды - Косаревтің есебі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Үкімет басшысының атына сауал жолдап, қымбат бағаға сай салық жүйесін енгізуді ұсынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір көмір өз бағасынан екі-үш есеге қымбат сатылады. Сүт 55-60 теңгеден жиналады да, артынан дүкенде 210-270 теңгеге сатылады. Айран және басқа да осы іспетті өнімдерді 400-ден қояды. Ол өз бағасынан 6-7 есе артық. Осы саладағы тәртіптің болмауынан табыстың біраз бөлігі алыпсатарлардың қалтасында кетеді. Әсіресе, көкөніс саудасында алыпсатарлық көп», - дейді Косарев.

Оның айтуынша, пияздың бір келісін өсіруге 11 теңге жұмсалса, картоп, сәбіз, қырыққабат пен басқа көкөністерге шамамен 20 теңге кетеді. Ал базарда баға он есеге шарықтап кетеді. Депутат Косарев осы салада жұмыс істеп жатқан адамдардың жалақысы да әділ есептелмейді деп санайды.

«Карл Маркс былай айтқан, егер жұмысшы өндірілген тауардың бағасынан 15 пайызға төмен жалақы алса, онда бұл - таза эксплуатация. Біздегі жағдай - 3-5 пайыз, ал көкөніс өсіру саласыда аталған көрсеткіш 1 пайызға да жетпейді», - деп атап көрсетті депутат.

Өз сөзінде ол қымбат бағаға сай салық жүйесін енгізу қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста депутат Аманжан Жамалов ҚР Ұлттық төрағасы Данияр Ақышевтің атына сауал жолдап, блокчейн мен криптовалюталар бойынша ведомствоаралық комиссияны құруды ұсынды.

Коммунистер дәрі-дәрмектердің арзандайтынына сенбей тіндіктерін айтты.

Ал депутат Ертаев генерал Мұxтаровқа қатаң ескерту жасады.

Колледж студенттеріне артық пәндерді тықпалау мәселесі де көтерілді.

Соңғы жаңалықтар