Алып күш иелері Қазақстанның ашық кубогында мықтыны анықтайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында 10 қыркүйек күні армлифтингтен Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Армлифтинг (WAA) пен зілтемірді жатып, сығымдап көтеруден (IMBPA) Қазақстанның І Ашық кубогына 90-нан астам спортшы қатысады.

Қатысушылар өз салмақ санаттары және номинациялар бойынша бәсекеге түседі. Тиісті нормативтерді тапсырғандарға спорт шебері кандидаты, спорт шебері және де халықаралық санаттағы шебер атақтары беріледі.

Жарыс үш кезеңмен өтеді: зілтемірді жатып, сығымдап көтеру (немесе әскери сығымдап көтеру), орыс осі және орыс рулеткасы.

Әскери сығымдап көтерудің зілтемірді қарапайым көтеруден айырмашылығы - қарапайым нұсқада аяққа салмақ салып, оларды еденге қоюға болса, әскери нұсқада ондай мүмкіндіктер жоқ: аяқтар айқастырылып, денеден жоғары көтеріліп тұруы тиіс. 

Орыс осі - қарапайым бітімге тартудағы жаттығуларға ұқсайды, алайда штанганың грифі мұнда анағұрлым кеңірек - диаметрі бес сантиметрдей болады. Қарағандылық жарыстың бағдарламасына бұл спорт түрі бірінші рет енгізіліп отыр. 

Орыс рулеткасы - ол айналып тұратын осьте орналастырылған дискілер. Оларды бір қолмен ұстап тұру қажет. 

Соңғы жаңалықтар