Алтынбек Мамаюсупов ТүрікПА бас хатшысы болып сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтынбек Мамаюсупов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы болып сайланды. ТүрікПА кеңесінің бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан VII отырысында осындай қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Жогорку Кенеш спикері Дастан Жұмабеков ТүрікПА бас хатшысы лауазымына Алтынбек Мамаюсупов кандидатурасы ұсынылды. Қатысушылардың барлығы оны қолдап дауыс берді.

Алтынбек Мамаюсупов бұрын Жогорку Кенештің ТүрікПА-дағы ресми өкілі болған.

Еске сала кетсек, ТүрікПА-на төрағалық ету Қырғызстанға өтті.

Соңғы жаңалықтар