Алтынбек Қоразбаев Бакуда өз шығармашылығын таныстырды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде халық әртісі, композитор және педагог Алтынбек Қоразбаевпен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүздесуге «Қазақстан-Әзербайжан» достық қоғамының белсенді мүшелері, Баку қаласында білім алатын қазақстандық студенттер, бизнес-қауымдастық өкілдері және аталмыш елде тұратын отандастарымыз қатысты.

А.Қоразбаев қазақ және әзербайжан халықтарын байырғы достық және туыстық қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Оның туған ауылында аталмыш ұлттың өкілдері көп, екі халық қашан да тату-тәтті өмір сүрген және ұлттық ерекшеліктер бойынша ешқашан бөлінбеген.

Композитор дипломатиялық өкілдікке жиналған қонақтарға өзінің танымал туындыларын орындап, олардың шығу тарихын әңгімеледі.

Гейдар Алиев атындағы «Қазақстан-Әзербайжан» достық қоғамы 1993 жылы құрылды. Оның құрамына Азербайжан Республикасының белді қоғам қайраткерлері, Әзербайжан мен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері мен бизнес-қоғамдастық өкілдері енді.


Соңғы жаңалықтар