Алтын жүлде әкеле жатырмыз - «Спартаның» капитаны

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Спарта Номад» командасының капитаны Данияр Жұмаділов КВН-2017 ойындары Жоғары лигасында жеңіске жеткеннен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Біздің командаға сенім артқан жандарға алғысымыз шексіз. Жанкүйерлерімізді маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні «Спарта Номад-Астана» КВН ойындарының Жоғары лигасында «алтын» жеңіп алды», - деді ол Инстаграмда жариялаған видеоүндеуінде.

«Сіздер бізге сендіңіздер! Рахмет! Елімізді мерекемен құттықтай отырып, алтын алып бара жатырмыз!», - деп жазды ол видеоның астына.

Еске салайық, 15 желтоқсанда Мәскеуде КВН-2017 ойындары Жоғары лигасы өтіп, онда «Спарта Номад» (Астана) командасы 17,2 ұпаймен бірінші орын иеленді. Айта кетейік, қазақстандық КВН командасы Жоғары лигада алғаш рет топ жарып отыр.

Соңғы жаңалықтар