Алты жасар Алекс Обамадан сирия балаларына қамқор болуын өтінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде алты жастағы америкалық Алекс АҚШ президенті Барак Обамаға Алеппоны бомбылаған кезде зардап шеккен баланы үйіне әкелуін өтінген хатты оқыған видео кеңінен тарап кетті.

Оны көрушілер саны артуда. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайты хабарлады, деп жазды MIGnews.com.ua.

Алекс жедел жәрдем көлігіндегі Омран Дакништің суретін көріп, хат жіберген.

«Құрметті президент Обама, Сирияда жедел жәрдем алып кеткен бала есіңізде ме? Өтінем, оны ол жерден алып кетіп, бізге үйге алып келіңізші. Оны тумен, гүлмен, шармен қарсы аламыз. Оны отбасымызға қабылдаймыз, біздің ініміз болады», - делінген хатта.

Өз кезегінде АҚШ президенті БҰҰ босқындар дағдарысына қатысты саммит  барысында  баланың сөзін келтірді, артынша осы видео жазылды.

 

Соңғы жаңалықтар