Алты елдің муай тайшылары Атырауда күш сынасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда белгілі қазақстандық ғалым Əмен Аманқұловты еске алуға арналған муай тайдан халықаралық турнир өтті. Турнир барысында Қазақстанның құрама командасы Тайланд, Бразилия, Оңтүстік Африка, Ресей және Австралиядан келген спортшылармен сынға түсті, деп хабарлады Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінен.

«Қалада муай тайдан турнир соңғы рет 1999 жылы болған. Біз тай боксына серпін беруді ұйғардық. Аталған спорт түрін дамыту мен насихаттау үшін осындай шаралар маңызға ие. Атырау муай тай федерациясының еліміздегі орны ерекше»,- дейді облыстық дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.
null

Тоғыз жекпе-жектің сегізінде біздің спортшыларымыз жеңіске жетіп, муай тайдың қазақстандық мектебі əлемдегі ең мықтылардың қатарында екенін көрсетті.
null

Соңғы жаңалықтар