Алтайдағы қандастарымыз шаңғының ең көне түрінен жарысты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдағы қандастарымыз мекендеп отырған Алтай аймағының Алтай қаласында қар шаңғысының ең көне түрінен жарыс ұйымдастырылды.

null

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, Алтайға Қытай және әлемнің жер-жерінен туристер келіп, жергілікті қазақтардың аң терісінен жасалған қар шаңғысымен сырғанау дәстүріне куә болып қайтады екен. Жергілікті қазақтар Қытай тарапынан 2006 жылы «Адамзаттың ең байырғы қар шаңғы мәдениетінің мұрагері» деп танылған.

null  

Бұған басты себеп, таулы Алтайды мекендеген қандастарымыз аң аулауға пайдаланатын аң терісінен жасалған қар шаңғысы Қытай ғалымдарының археологтарының зерттеу нәтижесі негізінде 10 мың жылдық тарихы бар болып шықты. Ал аң терісі қапталған шаңғы Қытай тарапынан «Қазақ халқының материалдық емес мұралар тізіміне» кіргізілген.

null  

Жергілікті туризм саласының дамуы көне қар шаңғысы мәдениетінің одан ары жалғасуына жақсы әсерін тигізген. Жергілікті қазақ жастары бұл күнде көне дәстүрді жандандырып, әр жыл сайын шаңғы жарыстарын ұйымдастырып келеді екен.

Соңғы жаңалықтар