«Алтай Альпісіндегі» өрт тау шаңғысы маусымына кедергі келтірмейді - Александр Чиликин

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА таңертең хабарлағандай, бүгін түнде орын алған «Алтай Альпісі» демалыс базасының бес ғимаратының біріндегі өрт 26 қарашаға жоспарланған тау шаңғысы маусымының ашылуына кедергі келтірмейді. Бұл туралы Тау шаңғысы базасының басшысы Александр Чиликин тілшіге берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, өртенген қоналқы үйде 10 нөмір болған. А.Чиликин тау шаңғысы базасындағы басқа орындар - дәмхана, арқан жолдар, төрт ғимарат нөмірлерімен зақымданбағанын атап өтті. Сондай-ақ, ол қысқы спорт түрінің әуесқойлары үшін жаңа тау шаңғысы маусымының ерекше қызық болатынын - маусымда сноуборд бойынша халықаралық деңгейдегі арнайы нұсқаушылар қатысатынын мәлімдеді.

Бұл ретте, ТЖ департаментінің хабарлауынша, қазір 200 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің шығу себептері мен оған кінәліліер іздестірілуде. 

null  

Соңғы жаңалықтар