Алмазбек Атамбаев жаңа ән шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың қырғызша «Энекем» деген әні шықты, деп хабарлайды «Кабар»  агенттігі.

YouTube видеохостингіде жария етілген Алмазбек Атамбаевтың «Энекем» әнінің жаңа клипінде анаға деген махаббат жырланған. Қазір видеороликті тамашалаушылар саны артуда.

Айта кетерлігі, бұл Қырғыз басшысының орындаған алтыншы әні. Бұған дейін «Біртүрлі сөздер», «Тағдырға ерегес», «Мен сенсіз өмір сүре алмаймын», «Менің өлгім келмейді» орысша және «Қырғызстаным» қырғыз тіліндегі әндері шыққан. 

Соңғы жаңалықтар