Алматының жастары шағын футболдан үздіктерді анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда спорттық Алматы бағдарлмасы аясында ЖОО студенттері арасында шағын футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл спорттық іс-шара Олжа спорт футбол алаңдарында 22 ұлдар мен қыздар командаларының қатысуымен өткізілді. Қыздар арасында болған тартысты кездесулердің нәтижесі бойынша үздік болып ҚазАСТ студенттері атанса, КИМЭП пен Абай атындағы ҚазҰПУ екінші және үшінші орынға жайғасты. Ал, ұлдар арасында 16 ұжым бақ сынасып Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші орынды жеңіп алды. Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ мен Сүлейман Демирел атындағы университет күміс пен қола жүлделерге ие болды.

«Бұл жарыс өте ұнады. Барлық командалар жақсы дйындықпен келген. Біз жеңіске жету үшін бар күшімізді салып, дегенімізге жеттік. Ризамыз. Алдағы уақытта да университетіміздің атын көптген жарыстарда қорғайтын боламыз» - деді ҚазҰПУ студенті Мұхтар Дәрібаев.

Айта кету керек, бұл жарыс жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, сондай-ақ үздік командаларды анықтау мақсатында Олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар