Алматының тау ландшафтысы Бейжіңдегіден әдемі - Бин Ву

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанға тау-шаңғы спортын халыққа барынша қол жетімді қылу үшін жарнаманы күшейту керек. Алматыға қытайлық шаңғышыларды көбірек тарту жағын ұйымдастыруға болады, деді бүгін Алматыда өтіп жатқан тау-шаңғы спорты бойынша халықаралық форумда қысқы спорт түрлері бойынша Қытай қауымдастығының бас менеджері, «Beijing Wanda Culture Industry Group» компаниясының бас директорының орынбасары Бин Ву.

«Біз кеше Алатауды тікұшақпен аралап шықтық. Өте әдемі. Сіздердің тау ландшафтарыңыз тамаша, болашағы зор, ол біздің Бейжіңдегіден әдемі. Табиғи шатқалдар көзтартады. Сіздерге тау спортын насихаттайтын жарнаманы күшейту керек», - деді қытайлық Бин Ву.

Ол тау-шаңғы спорты бойынша Қазақстанмен қарым-қатынасты барынша күшейтуге ынталы екенін айтты.

«Алматыға қытайлық шаңғышыларды көбірек тарту жағын ұйымдастыруға болады. Алматы тауларын насихаттайтын жарнамалар көбірек керек. Қаланың тау-шаңғы спортын дамыту бойынша халықаралық орталық қылуға болады. Өйткені Алматы таулары өте әдемі. Қытаймен Қазақстанды салыстыруға келмейді, біздің ішкі нарығымызда тұтынушы көп. Дегенмен, сіздер барынша ұсыныс жасасыңыздар тұтынушы тартылады», - деді қытайлық сарапшы.

Айта кетейік, бүгін Алматыда тау туризмін дамытуға арналған «International Mountain Sports Festival» фестивалі аясында халықаралық форум өтті. Жиынды ресми ашқан қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Алматы Қазақстан ғана емес, Орталық Азия бойынша тау-шаңғы спортының орталығы болуға ынталы екенін айтты. 

Арман  Қырықбаев 2017 жылдың бірінші тоқсанында мегаполиске сырттан 200 мыңнан астам адамның келгенін, өткен  жылмен салыстырғанда қонақтар саны 18%-ға артқанын, соның ішінде  24%-дан көбі шетелдік меймандар екенін айтты. Қонақүйлерде көрсетілетін қызмет түрі 18%-ға ұлғайып, 20 млрд теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар