Алматының шлагбаумы бар көлік тұрақтарында пластикалық карта қолданылмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Алматы қаласында шлагбаумы бар көлік тұрақтарында қағаз түріндегі айлық абонементтердің орнына пластикалық «Mifare» смарт-картаcымен төлем жасауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС-ға сілтеме жасап.

Автокөлік иелеріне карта тегін беріледі. Смарт-картаны паркинг алаңдарында орналасқан терминалдардан алуға болады.

Абонементтің айлық бағасы 6 мың теңгені құрап отыр. Бұл паркингке күн сайын төлегеннен (тәулігіне 300 теңге, 30 күнге есептегенде паркингтің айлық бағасы - 9 мың  теңге) әлдеқайда төмен баға.

Жүргізуші көлігін картаны алған паркингке қанша уақытқа қойса да өз еркі. Бұл ретте абонементті қай көлік тұрағынан алса, тек сол жерде ғана жарамды екенін ескерген жөн және оны ай сайын толтырып отыруға болады.

Шлагбаумы бар паркингтер тізімі мынадай: қаланың Солтүстік айналымы жанындағы базарлар: Адем, Ақбұлақ, Алатау 1, Алатау 2, Барыс, Батыр, Болашақ, Олжа, Ялян, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, «Мирас» мектебі. 

Соңғы жаңалықтар