Алматының маңында радардан ұшақ жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан 28 шақырым қашықтықта локатордан Ан-28 санитарлық авиарейсі жоғалып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың 3 қазанында Алматы - Шымкент бағытындағы Eastwing әуе компаниясының Ан-28 әуе кемесі, санитарлық рейсі сағат 18:47-де Алматыдан 28 шақырым қашықтықта локатордан жоғалып кетті. Бортпен байланыс жоқ. Бортта 5 адам болған. Құтқару-іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов осы фактіні растап, құтқарушылардың аталмыш жерге жіберілгенін хабарлады.

«Хабарлама түсті. Біздің күштер мен құралдар сол жерге кетті. Алдын ала дерек бойынша, Алматы әуежайынан 28 шақырым қашықтықта», - деді Руслан Иманқұлов. 

Соңғы жаңалықтар