Алматының қаржы полициясы экс-басшысының адвокаты сот үкіміне шағымданбақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жақында ғана сот үкімі жария болған Алматының қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевтың адвокаты Сәлімжан Мусин аппелияциялық шағым келтіретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз апелляциялық шағым түсіретін боламыз, бірақ, әлі сот үкімінің мәтінін алған жоқпыз», - деді ол. Сонымен қатар, Мусин қорғауындағы Аманбаевқа қатысты сот үкіміне байланысты пікір білдірді.

«Соттың қандай факті мен аргументтерге сүйенгеніп, шешім шығарғанын біз білмейміз. Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында айыптаушы тарап менің қорғауымдағы адамның пара алуға және өзге де қылмысқа қатыстылығын көрсеткен жоқ. Бірде бір сараптама, заттай куәліктер, бірде бір процессуалдық құжаттар көрсетілген жоқ, тек іске қатысты адамдардың куәліктері ғана негізге алынған. Мысалы, іске қатысты куәгерлердің бірін тінту кезінде 1 млн доллар тәркіленген. Ал менің қорғауымдағы адамның кінәсін алмастырып, ол 2 жыл ішінде 1 млн 200 мың доллар алды деп айыптап отыр. Айта кетейік, тергеу амалдары барысында Аманбаевтың, оның туыстарының мүлкі тәркіленді, ал ол параны алмаған. Бұл арада ол ақша сол адам арқылы келген болуы және белгісіз біреу Аманбаевтың атын заңсыз әрекеттеріне пайдаланған болуы мүмкін деген болжам шығады. Ол ақшалар табылды, онымен қатар, бір подъездегі 8 үйден өзгеде мүліктер табылды. Ал, осынша ақша оған қалай келді деген сұрақ сотта анықталған жоқ. Онымен қоймай, сот жүкті және кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерден де төмен жаза тағайындайды», - деді Мусин.

Айта кетейік, ақпанның 22-сінде Алматы Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев пен іске қатысты қылмыстық топтың 35 мүшесіне сот үкімі шыққан болатын.

Сот үкімімен Аманбаев жалған кәсіпкерлікпен айналысуға көмектескені, қылмыстық қауымдастық құрып, оған жетекшілік еткені, ақша жымқырып, қызмет бабын асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін жеке мүлкі тәркілене отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырыла отырып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Сонымен қатар, сот оны «Құрмет», 2-ші дәрежелі «Даңқ» ордендерінен, «ІІІ сыныпты мемлекеттік кеңесшісі» шенінен айыру туралы Қазақстан Президентіне ұсыныс шығарылды.

Сот оның ұйымдасқан қылмыстық топпен жалған фирмалар арқылы 111 млрд теңге қолма-қол ақша алғанын анықтады. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 31 млрд теңге.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында және істің сот қарауында болғанында мемлекет кірісіне 8 млрд теңге қайтарылды.

Іске қатысты өзге сотталушылар Сергей Ильин және Нұрлан Шаукеров жалған кәсіпкерлікпен айналысып, қылмыстық топ құрғаны және жетекшілік еткені және пара беріп, ақша жымқырғаны үшін сот үкімімен жеке мүлкі тәркілене отырып, өмір бойына басшылыққа қызметте болуына тыйым салына отырып, 16 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

«Іске қатысты бір адамның кінәсіз екенін дәлелденді. Оған заңсыз қылмыстық іске тартылғаны үшін шығын өтелетін болады. Е.Баудинова, И.Карпинская, М.Авазбаева, Д.Шимоваларға олардың жас балалары бар екенін әрі жүктілігін ескере отырып сот жазаны кейінге шегеру туралы шешім шығарды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Қалған 26 адамға сот үкімімен 4 жылдан 10 жыл аралығында жеке мүлкі тәркілене отырып, өмірбақи жетекшілік қызметке тағайындалу құқығынан айыра отырып, қатаң режімдегі түзеу колониясында жаза өтеу тағайындалды. Сот сотталушылардан мемлекет қазынасына 1 872 000 000 теңгенің мүлкін тәркілеп алды. Сотталушылар тарапынан мемлекет қазынасына 1 980 444 9636 теңге өндірілді.

Басты сот талқылауы 3,5 айға созылып, барлығы 260 куәгер сотта куәлік етті. Қылмыстық іс 1 340 томнан тұрады.

Сонымен қатар, аталған қылмыстық іске тағы да бірнеше тұлғаны тартуға жеке қаулы шығарылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Аманбаев 2015 жылдың наурыз айында ұсталды. Ол үйқамақта болды, алайда ҚР ҚПК 146-бабының 2-тармағын бұзғаны үшін 2016 жылдың 28 қарашасында қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар