Алматының іздеуде жүрген тұрғыны алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тапқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алаяқтық жасаған алматылықты қаланың полицейлері іздеуде, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полицейлер соталды тергеу материалдары бойынша 36 жастағы ер адамға бірден бірнеше фирманың өкілдерін алдаған деген айып тағуда.

 «Ол компанияға күзет фирмасының өкілі ретінде кіріп, нысандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге шарт жасасқан. Алдын ала ақша алып, бой тасалап кеткен. Бүгінде біздің өндірісте азамат Богачевтің   заңсыз әрекетіне қатысты 6 өтініш жатыр. Қазір оның осындай басқа да алаяқтықтарға қатыстылығы бар-жоғы тексерілуде.

Осыған байланысты осы адамды танитындар болса, 254-47-00 және 254-47-01 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады Бостандық ауданы ІІБ бастығы полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.

Соңғы жаңалықтар