Алматының Балалар ауылы 20 жылдығын атап өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «SOS Балалар ауылының» 20 жылдығы кеңінен аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сара Назарбаеваның бастамасымен 1997 жылы алғаш ашылған балалар ауылы бүгінде 20 жыл үздіксіз жұмыс жасап, ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға пана болып келеді. Аталған ауыл құрылмастан бұрын оның алғышартты 1994 жылы қалыптасып, жетім балаларға көмек ұйымдары жұмыстары жүре бастаған. Бүгінде  Балалар ауылы бағдарламасы аясында Қазақстан бойынша 25 жоба жүзеге асырылып, 31 отбасында 451 бала ата-ана жылуын сезінген. Бүгінгі таңда 1086 бала SOS бала бақшалары мен білім беру орталықтарында тәлім алып жатса, 96 түлек жеке өмірге қанат қағуға әзірленуде.  Балалар ауылының түлектері арасында 69 шаңырақ көтеріліп, жеке отбасын құрғандар бар. 104 бала жоғары және арнайы орта оқу орындарында білім алып жатыр. Салатантты кештің ашылуында сөз сөйлеген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Алматы әкімі Бауыржан Байбектің құттықтауын оқып берді.
null  

Бауыржан Байбектің құттықтау хатында 166 балаға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, 20-дан астам бала туған-туыстарымен қайтадан қауышқаны айтылған.

 «Халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөз бар. Бұл әрине, Сара Алпысқызының бастамасы, сол кісінің ерлігі. Сол кісінің бастамасын қолдаған ұстаздар, аналар қауымының еңбегі деп есептейміз. Алматы әкімдігі бұл ұйымға әрқашан қолдау көрсетіп келеді. Әкімдік тарапынан көрсетілетін қаржыландыру көлемі арта беретін болады», - деді Арман Қырықбаев.
null 

Айта кетейік, SOS Балалар ауылының» идеясы Еуропада басталған. Алғаш рет гуманист Герман Гмайнер 1949 жылы Аустрияның Имст қаласында жетім балаларға арналған ауыл ашқан. Содан бері Жер шарында осындай 1810 балалар ауылы құрылып, қазіргі таңдар ол ауылдарда 1,3 млн бала бала өмір сүріп жатыр. 

null 

null 

null 

null 

null 

Соңғы жаңалықтар