Алматыны селден қорғау жұмыстары қалай жүріп жатыр - ТЖД жауабы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала әкімінің орынбасары Марат Дәрібаевтың төрағалығымен көктемгі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша арнайы комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдардағы тәжрибені ескере келе, сел болу жағдайларына жүйелі талдау жасалды. Жедел ахуал картасы құрылды. Алматыда 67 су тасу қаупі бар нүкте белгіленді. Олардың 70 пайызы қалаға жақында қосылған территорияда орналасқан. Бүгінде 30 учаскеде жұмыс жүргізіліп, қауіп сейілді», - деді қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіров.

Айта кету керек, қалада төтенше жағдайлардың алдын алуға 7,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есе артық.

Атап айтқанда, Үлкен Алматы өзенінің суын тұрақтандырып,  Ерменсай, Кереңқұлақ өзендерінің жағасын бекітуге 400 млн теңге бөлінді.

2017-18 жылдары әкімдік Алатау, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында 30 шақырым арық желісін жаңартып, Есентай (9 км), Кімасар (1,1 км) Жарбұлақ  (0,4 км) өзендерінің белгілі бір ұзындығы қайта бекітілді.

Алатау және Наурызбай аудандарында  12,3 км болатын арық және су ағызу желісі салынды.

Наурызбай ауданында Қарғалы өзенінің 7,7 шақырымын жөндеуге 2,2 млрд теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының ерте көктемдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы 5,5 мың қызметкер, 1716 техника  жұмылдырылды.

 «2017-2018 жылдардағы су алу қаупінің алдын алу» жол картасына сәйкес жергілікті бюджеттен 52 млрд теңге бөлінді.

Қаланың 58 көшесінде 42 шақырым арық желісін қайта жасаудың жобалық сметалық құжаттамасы жасалды.

2020 жылы бұл көрсеткішті 44,3 шақырымға жеткізу көзделген.

Мамандардың айтуынша, гидротехнологиялық құрылғылардың жағдайы дәл қазір қанағаттанарлық.

Биыл «Көкқайнар» шағын ауданындағы гидротехнологиялық құрылғыны қайта жөндеуге 129 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, Мыңжылқы плотинасының құрылысын аяқтау көзделген.

null 

Сондай-ақ, Ақсай, Аюлы шатқалдарындағы 2 селден қорғау бөгетінің салынатын территория дайындалады.

Соңғы жаңалықтар