Алматылықтардың көлік салығы бойынша берешегі 6,2 млрд теңгеге жеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, аталған қарыздың ішінде өткен жылдың статистикасы жоқ, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бәріміз жақсы білеміз, бүгінде салық ретінде түсетін қаржы мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларына жұмсалады. Мәселен, Алматы қаласын алайық, ол жақта 150 000 адам көлік салығынан жалтаруда. Қарыздың жалпы көлемі 6,2 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде 2016 жылдың берешегі жоқ. Бұл тек 2015 жылға дейінгі қарыздың көлемі. Енді, бір елестетіп көріңізші, 6,2 млрд. теңгеге қаланың аумағында қаншама әлеуметтік мәселелерді шешуге болады", - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Жамбыл Сұрағанов бүгін Астанадағы баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бүгінде көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтарға алдымен ескерту xаттар жіберіледі. Бір айдың ішінде қарыз төленбесе, Мемлекеттік кірістер комитеті соттың көмегіне жүгінеді. Ондай материалдар он күннің ішінде қаралады.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте ОКҚ ресми өкілі Мәжіліс пен Сенат депутаттарының осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы Серік Жарықов болса, Алматы қаласында бір бүйрегін беруге келіскен адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. 

Бұдан бөлек, бүгін "Саxнагер" ұлттық театр сыйлығын табыстау салтанаты өтеді. 

Ал ЭКСПО аясында қосымша 14 пойыз жолаушыларды тасымалдайтын болады.

 

Соңғы жаңалықтар