Алматылықтар ыстықтан қалай сақтанады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Аптап ыстығымен есте қалатын биылғы жаз алматылықтарды әбігерге салды. Ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілсе, көлік ішіндегі термометрлер 52 градусты көрсетті. «ҚазАқпарат» тілшілері осыған байланысты қала көшелерінде жұртшылықтың ыстықтан қалай қорғанып жүргенін, осындай жағдайда тәжірибе бойынша қандай кеңес бере алатынын сұрап білді.

Сауалдарға жауап бергендердің дені түс уақытында көшеге шығудан бас тартуға кеңес берсе, кейбірі қолшатыр тұтынатындарын айтты. Суды көбірек ішу қажет деген алматылықтар ең дұрысы тауға барып, «жан сақтау» керек екенін ескертті.  

null 

«Мен 5-ші қабатта тұрамын. Өте қиын. Көршілерден «мына ыстыққа қалай шыдап отырсыңдар?», деп сұрадым. Оларда салқындатқыш бар. Соның өзінде ыстыққа шыдай алмай отырғанын айтты. Салқындатқыш алуға ақшам жетпейді, сондықтан,  таңсәріде қыдырамын. Дымқыл дәкені жамылып жатамын. Менің жасым 74-те. Ыстықта үйден шықпауға тырысамын», - деді Алиса Феликсова.  Жас отбасы Денис пен Елена күн ыстықта қолшатырмен шығатынын айтты.

null 

«Мұндай ыстықта біз аз қимылдауға, көп су ішуге тырысамыз. Дәрігерлердің кеңесі бойынша жалаңбас жүрмейміз. Ыстық шәй ішеміз. Үйде желдеткіш бар. Таңертең ерте субұрқақтар маңында қыдырамыз. Күндіз шықпаймыз, кешке жақын серуендейміз. Біздің қызымыздың терісі әппақ. Күнде көбірек жүріп қалып едік, қызарып кетті. Дереу кремдер жағып, құтылдық. Осыдан кейін, қолшатырмен шығатын боладық», - дейді жас отбасы Денис Пантюшин мен Елена Нуреева.

null 

«Суды қайнатып, салқындатып, тосап қосып ішіп жан сақтаймын. Үйде терезелерді қараңғылап тастап, аптап ыстықтан сақтанамыз. Ваннаға түсеміз», - дейді алматылық Нариман Садықов.

70-тен асқан Марина Михайлова қаладағы өзен жағаларында демалыс орындарын жасау қажет деген ұсынысын қала басшылығына жеткізгісі келді. 

null 

«Мен қызымның таудағы зәулім үйіне барып демаламын. Ыстықтан солай құтыламын. Қаладаға ыстықта шыдау мүмкін емес. Осы қыркүйекте мен 74 жасқа толамын. Мұндай жаста ыстықтан сақтанбаса болмайды. Мен компотты көбірек ішемін. Алматылықтарға айтарым, жеке көліктеріңіз болмаса да, қоғамдық көлікпен тауға шығып демалып тұрыңыздар. Қала  басшылығы тау етегіне қатынайтын бірнеше автобус бағдарын ашса дейміз. Сосын, қаланы кесіп өтетін өзендер жағасында  адамдар отыратын алаңқайлар жасаса дейміз», - дейді Марина Михайлова.

null null 

Бұрын құрылысшы болған Серік Әбішев суды көбірек ішу қажет деген кеңесін айтты.

«Немереліммен кешқұрым салқында қыдырамыз, барынша суды көбірек ішеміз. Бұрын құрылысшы болғанмын, қазір осылай демалыстамыз», -деді Серік Әбішев.

Соңғы жаңалықтар