Алматылықтар үш сағатта жарты тонна бауырсақ жеп тауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Наурыз мерекесі күндері алматылықтар үш сағатта жарты тонна бауырсақ жеді, деп хабарлады PR Media-ға сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жеті аспаз таң атқаннан бастап қолды-аяққа тұрмай еңбек етті. Отандық қышқыл сүт  өнімдерін өндірушілердің бірі алматылықтарды бауырсаққа тойдырды. Екі мыңдай адам үшін 500 келіге жуық бауырсақ дайындалды. Ұлттық тағамды пісіру үшін отандық өнімдер қолданылды.

 

 «Бауырсақты дайындауға 33 литр сүт, 186 литр май, 400 келі ұн кетті. Акция рекорд орнатары сөзсіз еді, бірақ біз ол мақсатты алға қоймадық. Қалалықтарды қуантып, көтеріңкі көңіл-күй сылағымыз келді. Келесі жылы рекордқа үміткер болуымыз мүмкін», - деді компанияның бренд-менеджері Виктория Янчик.

Соңғы жаңалықтар