Алматылықтар саябақта таңғы фитнес жаттығу жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа Almaty Street Fitness фитнес жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың ақпараттық және спорттық ХАБ-на сілтеме жасап.

Бүгін тұңғыш Президент саябағында осы жоба аясында алғашқы жаттығу өтті. 30-ға жуық жиналған қала тұрғыны бірінші аздап шынығып, саябақта жүгірді, ал содан соң, негізгі жаттығуларға кірісті. Almaty Street Fitness барлық қалаушыларға «Fitness blitz» нұсқаушыларымен демалыс күндері тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама келешекте де өз жалғасын табады және мұндай шаралар әр апта сайын өтетін болады. Өз кезегінде, қатысушылар әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын жеткізді.

«Бізге өте ұнады, осындай жобаның басталғанына қуаныштымыз. Нұсқаушылармен бірге таза ауада таңғы жаттығуды керемет өткіздік. Олар барлығын түсіндіріп, көрсетті. Біз отбасымызбен бірге спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанамыз. Бұл спорттық шараның апта сайын өткізілуі барлығы үшін спортпен дұрыс әрі тегін шұғылдануға мүмкіндік береді», - деді қала тұрғыны Айман Жұмахметова.

null 

Жобаның басты мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарын дұрыс тамақтану мен жаттығу ережелерімен таныстыру.

null 

Бұл шараға барлығы тегін қатыса алады. Жаттығулар «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында іске асырылады. «Fitness blitz» нұсқаушыларымен өтетін шеберлік сабақтары әр апта сайын, демалыс күндері өткізіледі. Айта кетер жайт, өткізілу орны өзгеруі мүмкін, кешкі жаттығулар да қарастырылған.

null null null null 

Бұқаралық жаттығудың өткізілу орны мен уақытын almatysports.kz сайтынан және де әлеуметтік парақшалардан білуге болады.

Соңғы жаңалықтар