Алматылықтар Наурызда 25 тонна бауырсақ пен көжеден дәм татады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурызды тойлау барысында 25 тонна бауырсақ , 25 тонна наурыз көже және 5 тонна палау дайындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақтың ұлттық тағамдарынан «Астана», Almaty Arena алдындағы алаңдарда, Панфилов  және Жібек Жолы көшелерінде,  Атлеттер ауылында және барлық аудандарда дәм татуға болады.

Қаланың 46 базары 20 наурыз-21 сәуірге дейін бір айға жуық аралықта ұлттық мерекені тойлайды.

«Наурыз мейрамын 46 базар өз алаңдарында 2 рет аталған кезең ішіндегі бір күнде ұйымдастырады. Базарлардың барлығы 8 тонна наурыз-көже, 25 мың тонна палау, 12 тонна бауырсақ дайындайды», - деді Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновация даму басқармасынан.

Бұдан басқа, мерекелік құттықтауға қаланың барлық мейрамханалары да қатысады. Қоғамдық тамақтану орындарының барлығында 555 теңгелік арнайы Наурыз ас мәзірі жасалып, ол бір ай бойы сақталатын болады.

Атап айтқанда, көптеген мейрамханаларда Наурыз көже мен бауырсақ тегін таратылатын болады.

Еске салсақ,  қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұлттық ас тағамдарын әзірлеу бойынша тақырыптық фестивальдер ұйымдастырылады. 

Соңғы жаңалықтар