Алматылықтар Қытайда болған жер сілкінісін сезінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар көршілес жатқан Қытайдағы жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша  5:27-те тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматыдан 490 км жерде, ШҰАӨ аумағында болған. Еуропа сейсмологиялық орталығының деректері бойынша, зілзала қуаты 6,4 балды құрады.

Еске сала кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Табиғи апаттан шамамен 2 мың адам бар қонақ үй ішінара бұзылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Соңғы жаңалықтар