Алматылықтар ЭКСПО-ның ашылуын тікелей трансляция арқылы тамашалайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар ЭКСПО-ның ашылуын тікелей трансляция арқылы тамашалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Абай алаңында Алматы тұрғындары мен қонақтары халықаралық маңызды шараның ашылу салтанатын үлкен Led экран арқылы көретін болады.

Шараға БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, барлығы 2000-ға тарта адам жиналады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтетін ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар