Алматылықтар Disney және Marvel фильмдерін қазақ тілінде көретін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат. - Алматыда Наурыз мерекесінің құрметіне орай тұңғыш рет қазақ тілінде Disney/Marvel фильмдерінің фестивалі өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып.

Наурыз мейрамы аясында наурыз-сәуір айларында Алматы тұрғындары мен қонақтары алғаш рет қазақ тіліндегі фильмдер фестиваліне бара алады. Көрсетілімдер Алматының ірі молы саналатын «Апорт» ойын-сауық аумағындағы StarCinemaAport кинотеатрында өтеді. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Фестиваль күндері көрермендер мынадай туындыларды көре алады: «Көліктер-2», «Батыл жүрек», «Құбыжықтар университетi», «Галактика сақшылары», «Малефисента»,  «Күлбике», «Кек Алушылар-2: Альтрон дәуірі», «Алиса айнаның арғы жағы», «Джунгли кітабы», «Моана».

Әкімдіктің мәліметінше, фестиваль аясында көрсетілетін фильмдердің бағасы 300 теңге тұрады.

Соңғы жаңалықтар