Алматылық жанкүйерлер Юлия Галышеваны күтіп алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пхёнчханнан Алматыға фристайлдан (могул мен акробатика) Қазақстан құрамасы ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуежайда отандастырымызды ҚР Мәдениет және спорт министрілігі, Комитет, Алматы мен ШҚО басқару комитеті, жас спортшылар мен көптеген жанкүйерлер күтіп алды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева еліміз қоржынына тұңғыш медальды салған болатын.

Үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан отандасымыз 77.40 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған Олимпиаданың қола жүлдесін сыйлады.

Соңғы жаңалықтар