Алматылық ұстаздарға науқас оқушының өмірін арашалап қалатын құрылғы таныстырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Қоғамдық Кеңесі мектептегі қауіпсіздік тақырыбында жиын өткізіп,  оқушы мен студентті ажалдан арашалап қалатын құрылғыны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы «Тұран» университетінде қалалық Қоғамдық кеңес мектеп оқушысының қауіпсіздігі тақырыбында жиын өткізді. Жиында «Ақ жүрек» Қоғамдық қорының директоры Руслан Масхутов адам күнделікті өмірінде күтпеген жерден жүрек талмасына ұшыраған кезінде жедел жәрдем келгенге дейін көрсетілетін медициналық көмек туралы баяндады. Оның айтуынша, соңғы уақытта мұндай оқиға Қазақстандағы мектеп оқушылары арасында да кездесіп отыр.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, апта сайын 1 млн адамға шаққанда орта есеппен 30 адамның жүрегі аяқасты тоқтап қалады. Егер Қазақстанда 17 млн тұрғын бар деп есептесек, онда апта сайын елімізде 500 адамның жүрегі күтпеген жерден тоқтап, қайғылы жағдайға ұшырап жатады. Ал жыл сайын, елімізде 26 мың адам жүрек талмасы бойынша медициналық көмекке мұқтаж. Осы 26 мың оқиғаның 80 пайызында адамдар медициналық ғимараттан тыс жерде, яғни жұмыста, спортпен шұғылданып жатқанында, үйде немесе кез келген жерде қайғылы жағдайға душар болады. Бұл медициналық емес, әлеуметтік проблемаға айналды», - деген Руслан Масхутов Қазақстанда мектеп оқушыларының да жүрек талмасына шалдығып жататынын айтты.

«Былтырғы оқу жылында Астана қаласындағы 84 мектеп бойынша 2 оқиға тіркелді. 1 оқушы дене шынықтыруда қаза тапса, екінші оқушының кеуде тұсынан ұрғандықтан мерт болды. Қазақстанда нақты статистиканы келтіру мүмкін емес. Себебі, бұл мәселе БАҚ арқылы жиі айтылмайды. Шамамен, 10-15 оқушы Қазақстан бойынша жүрек талмасына ұшырап жатады. Нақты статистика келтіре алмайтын тағы себеп, жедел жәрдем келген уақытта науқас дүниеден өтіп кетеді. Аяқ асты жүрегі тоқтаған адамға алғашқы екі минутта көмек көрсетілмесе, ол қайтыс болады. Сондықтан, бұл статистика бізде нақты емес», - деді ол.

Руслан Масхутовтың айтуынша, осындай себептердің алдын алу үшін барлық мектептерге жүрек тоқтаған кезде көмек көрсететін құрылғы - дефибриллятор алу қажет. 

«Біз дефибрилляторды орнату туралы ұсынысты біріні «Нұр Отан» партиясына айттық, қолдады. Премьер-Министр Сағынтаевқа да көрсетіп, қолдау таптық. Біздің жоба «Қауіпсіз мектеп, қауіпсіз жоғары оқу орны» деп аталады. Мақсатымыз - барлық оқытушы құрамды алғашқы медициналық көмекке үйрету. Яғни, жүрек тоқтаған жағдайда, алғашқы 2 минут ішінде көмек көрсетуді медициналық білімі жоқ адамдарға үйретеміз», - деді ол.  

Бүгінгі таңда Астана қаласында №59-ші мектеп алғашқылардың бірі болып құрылғыны сатып алған. Руслан Масхутов былтырғы оқу жылында 7-ші сынып оқушысы дене шынықтыру сабағы барысында дәл осы мектепте көз жұмған. Енді мамандар дефибрилляторды Алматының барлық мектептеріне сатып алу қажет деген ұсыныстарын қалалық әкімдікке жеткізбек.

Еске сала кетейік, «Алматы - 2020» даму бағдарламасында Алматыда бала өлімі 2010 жылдан бастап, 2 есеге төмендеген. Яғни әрбір туылған 1000 баланың 8-інде осындай жағдай болды, мұның өзі Мәскеудегі көрсеткішке сәйкес келеді, алайда Берлиндегімен (4), Торонтодағымен салыстырғанда 1,6 есеге көп. 2020 жылы бала өлімінің деңгейін 6,7 жағдайға дейін төмендету жоспарланып отыр

Соңғы жаңалықтар