Алматылық түлектердің 80 пайызы ҰБТ тапсырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматыда 9100 оқушы мектеп бітірген. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«2017-2018 жылғы оқу жылының ҰБТ ерекшелігі тесті бұдан бұрын тек орыс және қазақ тілдерінде тапсыруға болатын болса,  биыл балалар ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік алды. Республика бойынша 250 түлек ағылшын тілінде ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. Алматыда 6 бала тестті ағылшын тілінде тапсырады», - деді Гүлнар Ходжабергенова Нұр Отан» партиясы бөлімшесінің баспасөз орталығында  брифинг барысында.

Оның айтуынша, биыл Алматыда барлығы 9100 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 7300-і ҰБТ тапсыруға ынта білдірген.

Қалған түлектер алыс-жақын шетел ЖОО-ларын немесе колледждерде білімін жалғастыруды таңдаған.

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы ҰБТ екі форматта өтеді. Оқушылар мектепте бірінші қорытынды емтихан тапсырса, екінші кезеңде ЖОО базасында ҰБТ тапсырады.

Мектептердегі емтихан 29 маусымда алгебра, қазақстан тарихы, қазақ (орыс) тілі, таңдау бойынша 1 пән бойынша сынға түседі.

 «2004-2017 жылдар аралығында ҰБТ-ға  99,6 мың түлек қатысқан. Олардың 89,1 пайызы  шекті балл көрсеткішін жинаған. Былтыр 5900 түлек ҰБТ тапсырса, олардың 97,3 пайызы шекті бал жинады. Алматы бойынша орта бал көрсеткіші 97,5», - деді Гүлнар Ходжабергенова.

Соңғы жаңалықтар